Қызылорда облысында омбы қарға малтыққан 200-ден астам ұсақ мал қырылды

1517

Шығынның нақты есебі қар ерігесін белгілі болмақ.

Қызылорда облысында омбы қарға малтыққан 200-ден астам ұсақ мал қырылды

Қызылорда облысы Жанақорған ауданында уақ мал 2 күн бойы толассыз жауған қар астында қалып қойған, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің СМС-ескертпесіне қарамастан, шопандар 1,5 мың қой-ешкіні жайлауға қарай айдаған. Қаратауға өрлеген уақ мал қалың қарға омбылап, көш тоқтаған.

Шаруа қожалықтары қазір жоғалған түліктерін түгендеу үстінде. Болжам бойынша 200-ден астам ұсақ мал қырылған. Шығынның нақты есебі қар ерігесін белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу