Қызылорда облысында "Орда" аймақтық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

1576

Бұл  – ТҚЖБ-ның облыс әкімдігімен бірлесіп әзірлеген әлеуметтік жобасы.

Қызылорда облысында "Орда" аймақтық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қызылорда облысында "Орда" аймақтық тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Бұл ТҚЖБ-ның облыс әкімдігімен бірлесіп әзірлеген әлеуметтік жобасы. Бағдарлама аймақ тұрғындарына үйді жалға алып, оны болашақта сатып алуға мүмкіндік береді.

"Орда" тұрғын үй бағдарламасы үш жыл жүреді. Жоба аясында жыл сайын облыстық бюджеттен қайтарылады деген мақсатта 2 млрд теңгеден бөлініп отырады. Бұл қаражатқа жергілікті билік бағдарлама қатысушыларына деп жаңа тұрғын үй салуды немесе салынған пәтерлерді сатып алуды жоспарланып отыр.

Бірінші кезеңде Қызылорда облысында 250 пәтер бөлістіріледі. "Орда" бағдарламасына қатысушылар үшін 1 шаршы метрдің бағасы 120 000 теңгені құрайды.

Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған жалға берілетін пәтерлерден жергілікті әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үміткер бола алады. Бұл – көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджет мекемелерінің қызметкерлері. Сондай-ақ жасы 35-ке толмаған ерлі-зайыптылар да жас отбасы ретінде "Орда" бағдарламасына қатыса алады. Бұл жағдайда үміткерлердің некеде тұрғанына кем дегенде 2 жыл болуы керек және балалары болғаны талап етіледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотқа үй бағасының жартысын жинаған "Орда" бағдарламасына қатысушылар жетпейтін соманы жылдық мөлшерлемесі 3,8% болатын несие түрінде ала алады. Ең ұзақ заем мерзімі – 11 жыл.

Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған пәтер жалдаушылар пулын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әзірлейді. Өтінішті 2019 жылдың 11 қаңтары мен 21 қаңтары аралығында "ЖССБ 24" интернет-банкингінде "Жеке кабинет" арқылы беруге болады. Пулға шотында кем дегенде 500 000 теңге жинағы бар және ең көп ұпай жинаған азаматтар өтеді. Ұпай саны депозит мерзімі мен оның қаншалықты жиі толықтырылғанына байланысты анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу