Қызылорда облысында өрттен 60 адам эвакуацияланды

278

Қызылорда облысы Арал ауданындағы олимпиада білім беру орталығы өртеніп, тілсіз жаудан 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысында өрттен 60 адам эвакуацияланды Фото: Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті

13 сәуір күні сағат 04.27-де Арал ауданына қарасты Қамыстыбас елді мекеніндегі "Қамбаш олимпиада білім беру орталығы" моншасында өрт шыққан. Онда ішкі ағаш қаптамалары жанған.

"Орталықта болған 60 адам өз күшімен эвакуацияланды. Өрт сағат 05.40-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті және департаменттің жедел-құтқару жасағынан 12 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеді", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу