Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді

196

Бұзушылыққа жол берген 16 қызметкер түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді Фото: canva.com

Прокуратура тарапынан өңір әкімдіктерімен өз міндетін орындамаған 25 әлеуетті өнім берушіден 2023 жылдан бері 40 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіруге шара қолданылмағанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімдігіне енгізілген ұсынудың қаралу қорытындысымен 40 млн теңге айыпты өндіру үшін сотқа талап берілді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

"Өңірде "Бисенәлі" ЖК-мен наубайхана мен қоймалардың құрылысын салу инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 300 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 28-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазалы ауданының прокуратурасы "Әйтеке би кентінің әкімдігі" инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқаны анықтады. Жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі аяқталды деп қате есептеген. Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде жерді пайдалану мерзімі ұзартылды және кінәлі қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды", – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу