Қызылорда облысында пара алған полицей ұсталды

360

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда облысында пара алған полицей ұсталды Фото: gov.kz

Қызылорда облыстық полиция департаменті Арал ауданында тәртіп сақшысының пара алып ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Қызылорда облысы полиция департаменті қызметкерінің заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Басқа мәліметтер Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабының талабына сәйкес жарияланбайды, – делінген хабарламада. 

Департамент заң бұзушының мәртебесіне қарамастан кез келген заңсыз әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта тіркелген деректің барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу