Қызылорда облысында прокурорлар екі айда 40 млн теңге алимент өндірді

278

64 қаскөй борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Қызылорда облысында прокурорлар екі айда 40 млн теңге алимент өндірді Фото: gov.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz inbusiness.kz сайты.

Прокуратура органдары Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыным енгізді.

"Нәтижесімен биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 қаскөй борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапқа тартылды, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", — деп жазды бақылаушы органнан.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-уі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.

"Мысалы, борышкер Н.Н. өндіріп алушы Ж.А-ның пайдасына 2,9 млн теңге алименттен берешегін төлеу үшін жұмыссыз ретінде тіркелмей, өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған. Сондықтан Қармақшы ауданының прокуратурасы оған қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеді, соттың 6 наурыздағы үкімімен Н.Н. кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды", — делінген жазбада.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдардың қатысуында ведомствоаралық мәжіліс өткізіліп, онда әділет және полиция органдарының, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшыларына жүйелі түрде рейдтік іс шаралар жүргізу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, алимент санатындағы атқарушылық өндірістерді ерекше бақылауға алу, қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Орындалу жағдайын облыс прокуратурасында тоқсан сайын қарау белгіленді.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу