Қызылорда облысында Ресейде оқитын жастар саны артқан

834

Өңір әкімдігінде Мәскеу мен Санкт-Петербург ЖОО-ның 117 түлегін жұмысқа орналастыру жайы қаралды.

Қызылорда облысында Ресейде оқитын жастар саны артқан

2014 жылдан бері өңір мектептерінің 500-ден астам түлегі РФ үкіметінің грантына ие болған екен. Өткен жылы 74 жас маман ресейлік дипломдарымен елге оралған. Биыл олардың саны 117-ге жетеді деп күтілуде. Негізінен, индустрияландыруға кіріскен өңірдегі 22 түрлі қат мамандық иелері келмек.

Қызылорда облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Қуаныш Жанұзақовтың айтуынша, биыл "МБжҚИ" ұлттық зерттеу технологиялық университетін – 53 жас, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетін – 41, Санкт- Петербургтегі Технология және энергетика жоғары мектебін 23 түлек тәмамдайды деп күтілуде. Олардың 50-і магистратурада оқуын жалғастыруды жоспарласа, тек 67 түлек қана елге оралады. Жоғары технологияны жетік меңгерген жас мамандар ірі кәсіпорындар мен индустриялық жобаларға жіберілмек. Биыл өңірде агроөнеркәсіп кешені саласында 76 жоба басталса, жыл аяғына дейін іске асатын төрт жобаға 400-ден астам адам тартылуға тиіс.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу