Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 90,75%-ы дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы көрсеткішпен өңір республика бойынша үшінші орынға шықты.
Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі алдын ала мәліметіне сәйкес, ел бойынша 9 352 151 азамат, яғни сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берген.
Қызылорда облысында сайлаушылар тізіміне 500 591 адам енгізіліп, дауыс беру 386 учаскеде өтті. Сайлау учаскелерінде 2 720 комиссия мүшесі жұмыс істеді.
Дауыс беруге қимыл-қозғалысы қиын азаматтарға да жағдай жасалды. Оларды тасымалдау үшін 67 инватакси қызмет көрсетті, сондай-ақ 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін ұсынды.
Азаматтар сайлау учаскесін Call-орталық, онлайн сервистер, Telegram-бот және "Smart Qyzylorda" мобильді қосымшасы арқылы анықтай алды.