Қызылорда облысында ШОБ үлесі 14,2 пайызды құрайды

992

Әкімдікте жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәжіліс өтіп, онда 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Қызылорда облысында ШОБ үлесі 14,2 пайызды құрайды

Қызылорда облысында биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, қолданыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 41 393-ті  құрады.  Соңғы жылы олардың саны 11 пайыздан асқан еді. Бұл ШОБ өсу қарқыны бойынша республикадағы өңірлер арасында ең жақсы нәтиже, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдікте жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәжіліс өтіп, онда 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

"Жылдың басында жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар саны 97,5 мың болса, бүгінгі күні олардың саны 35,8 мың адамды құрайды. Яғни 62 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған және ресми түрде тіркелген. Оның ішінде 14 мыңнан астам адам жаппай кәсіпкерлікті қолдау шаралары аясында жұмыс істеуде", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ішкі өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 14,2 пайызды құрайтынын атап өтті.

"2018 жылдың соңында шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі кемінде 15 пайызды, 2020 жылы 25 пайызды құрауы керек. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы тағы 5 жылға ұзартылды.  Осыған орай, ауылдық округтердегі  кәсіпкерлікті дамытуға жауапты тұлғаларға ауыл әкімдерімен бірлесіп, нақты жобалар аясында, оның ішінде  зәкірлі жобаларды қолдауды  және олар іске қосылғанша бақылау жасауды тапсырамын", – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы екінші деңгейдегі банктердің басшыларына несие портфелін ұлғайтуды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу