Қызылорда облысында шөл далаға салынған жылыжай жұмыс істеп тұр

1397

Қызылорда облысында шөл далаға салынған жылыжай жұмыс істеп тұр

Қызылорда облысының Аманөткел ауылындағы мектеп жанынан салынған жылыжай алғашқы өнімін бере бастады. Білім ордасы маңындағы бұл кешен, осылайша, жылдың кез келген мезгілінде халықты сапалы әрі арзан көкөніспен қамту ету мүмкін екенін дәлелдеді,  деп хабарлайды BNews.kz.

Мектеп ұжымы алғашқы дәнді-дақылдарды тамыз айында еккен. Нәтижесінде жылыжайда қазірдің өзінде қиярдың 3 сұрпы шыға бастаған. Сонымен қатар, қызанақтың да пісетін уақыты жақындап келеді. Білім ордасының басшысы Айбек Әлімжанов мұндай жоба болашақ агрономдарды дайындауда мол септігін тигізетініне сенімді.

Айта кетейік, аумағы 200 шаршы метрден асатын кешенді болашақта тағы да үлкейту жоспарда бар. Қазір жылыжайда сынақ ретінде гүлдердің де бірнеше түрі өсіріле бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу