Қызылорда облысында синтетикалық есірткі сақтаған тұрғын сотталды

550

Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылорда облысында синтетикалық есірткі сақтаған тұрғын сотталды Фото: iz.ru

Қызылорда облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023 жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында "Ravon-R4" автокөлігінен есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тәркілеген еді.

"Зерттеу сараптамасымен тәркіленген зат 2,78 грамды құрайтын психотроптық зат екені расталды. Психотроптық заттын иесі оны тауып алғанын айтты. Содан кейін оны достарымен бірге қолданғанын айтып, өзінің кінәсін мойындады. Өкінетінін жеткізіп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу