Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылының тұрғыны Әлімхан Данияровтың қара сиыры үшем туды.
Бұл бүкіл ауылға қызық жаңалық болды. Бәрі де 3 төлді қызықтап, бір көріп кеткен.
Мал егесінің айтуынша, екі бұзаудың жағдайы жақсы, ал үшіншісіне емізік арқылы сүт беру керек болыпты.
Әлімхан Данияров халық арасындағы ырымға сүйеніп, "қалған бұзауларымның амандығы үшін" деген ниетпен бұзаудың екеуін көңілі қалаған адамдарға үлестірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу