Қызылорда облысында су құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

932

Қызылорда облысында су құрсауында қалған 8 адам құтқарылды

Қызылорда облысында тосын жағдайға тап болған 8 адам құтқарылды. Оның төртеуі Қармақшы ауданы Қармақшы ауылынан 15 шақырым жерде айналасын су басқан малшылар қонысынан табылды, деп жазады 24 Хабар.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы үрлемелі қайықпен 4 шақырым мұзды ойып, бір тәулік дегенде оларды қауіпсіз жерге алып шықты.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар қызметіне тағы 4 қызылордалықтың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат түседі. Телікөл көліне балық аулау үшін 4 желтоқсан күні Жезқазған тас жолымен бет алған азаматтар содан 5 тәулік бойы байланысқа шықпаған. Құтқарушылар Сарысу өзені және Телікөл көлінің аумағын түгел тінткенімен, іздестіру нәтиже берген жоқ. Қалың тұманда адасып, автокөлігінің жанармайы таусылып, ен далада адасқандар 10 желтоқсанда табылды. Жоғалған азаматтардың барлығы облыс орталығына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу