Қызылорда облысында тағы бір цемент зауыты салынуда

1401

Қызылорда облысында тағы бір цемент зауыты салынуда

Қызылорда облысының Шиелі ауданында тампонажды цемент зауытының іргетасы қаланды. Құрылыстың басталу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.

"Шетелдік инвесторларды тартып, аймағымызда зауыт құрылысын бастап жатқан кәсіпкерлерге, сонымен қатар, аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, атақты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыхановқа, "Данаке корпорациясы" ЖШС директоры Гүлнәр Смағұлқызы Тұрлыхановаға, "Гежуба Групп" компаниясы басшылығына алғысымды білдіргім келеді", – деді облыс басшысы.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Гежуба-Шиелі цемент компаниясы" ЖШС жылына 1 млн тонна тампонажды цемент өндіретін болады. Зауыт құрылысы 2018 жылы аяқталмақшы. Кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Жаңақорған ауданында ресейлік "Глобальная безопасность" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп, құрылыс цементін өндіретін зауыт құрылысы басталған болатын. Бұл зауытты да  2018 жылы пайдалануға беру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу