Қызылорда облысында "Теннис орталығы" мекемесі құрылды

590

Президент Қ. Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне назар аударуды тапсырған.

Қызылорда облысында "Теннис орталығы" мекемесі құрылды Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысының әкімі Н. Нәлібаев пен Қазақстан Республикасы теннис федерациясының президенті Б. Өтемұратовтың қолдауымен Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы жанынан арнайы "Теннис орталығы" дербес мекеме болып құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі таңда орталықта 104 бала тегін тенниспен шұғылданып, халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Аталған мекемеде қосымша үстел теннисі және бадминтон спорт түрлерінен бөлімшелер ашылып жұмыс жасайтын болады.

"Теннис мектебі қосымша жаттықтырушы-оқытушылар штаттармен, спортшылардың жарыстарға қатысу шығындарымен қамтамасыз етіліп,  Қызылорда облысында теннис спортын жан-жақты дамыту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын мекемені ұстауға қосымша 180,0 млн теңге бөлінеді", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу