Қызылорда облысы Шиелі ауданында төбелестен бір жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір бұл бойынша тергеу жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде екі жасөспірім қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Іс Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бақылауында", - деп атап өтті департаменттен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу