Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленіп, жойылды

439

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.  

Қызылорда облысында тұрғынның ауласынан 22 келіге жуық есірткі тәркіленіп, жойылды Фото: polisia.kz

Сырдария ауданы, Бесарық ауылы тұрғынының мал қорасынан ірі есірткі алқабы анықталып, күдікті ұсталды.

Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 35 түбі анықталды. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек, ұсталған азаматтың жеке заттарын, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шланга, күрек, кетпен тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, 35 түп сораның жалпы салмағы 22 келіге жуық болып шыққан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2–бөлігіне (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу