Жастар жылына орай 14-22 наурыз аралығында Қызылорда өңірі Жаңақорған ауданында жастар арасында көкпар, аударыспақ, теңге ілуден XIII, жамбы атудан V Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының Жамбы ату мен теңге ілу бәсекесі аяқталды. Бұл додада сəуір айында Алматы қаласында жастар арасында өтетін I Азия чемпионатына қатысатындар іріктеледі.
Жамбы атудан Жастар арасындағы ҚР V чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Түркістандық мерген Жақсыбек Бекзат топ жарды. Жамбылдық мерген Бабажан Бақдәулет екінші орынға табан тіреді. Түркістандық Сырбай Айтбек пен қызылордалық Өміртай Ғалымжан үшінші орынды місе тұтты.
Теңге ілуден Жастар арасындағы ҚР ХІІІ чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында 1-орында Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы),2-орынды Елжанов Нұрхан (Ақтөбе облысы) иемденсе, 3-орындарды – Қомбаров Рахат (Түркістан облысы),Серіков Бекнұр (Батыс Қазақстан облысы) бөлісті.
Олар Алматыда өтетін Азия чемпионатына қатысуы мүмкін үміттілер қатарына енді. Чемпионаттың алдағы күндері әр облыстан келген командалық топтағы спортшы жастар көкпар, аударыспақтан бақ сынасатын болады.