Қызылорда облысында АН-2 ұшағы әуежайға қону кезінде өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде қону кезінде "Тараз Жаңа Әлем" жеке әуекомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді.
"Ұшақ Қызылорда-Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады. Бортта 2 экипаж мүшесі және 1 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", – деп жазылған хабарламада.
ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу