Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды

520

Сараптамалар тағайындалды. 

Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған тұрғын анықталды

Осы жылдың 16 қарашасында Қызылорда облысы ПД Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен далалық жерде Нива автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында  автокөліктің жүк салғышынан жарық шам (прожектор), бір ұңғылы, 12 калибрлі аңшы мылтығы, алты қоян жануарының өлі денесі тәркіленді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ретінде 42 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу