Қызылорда облысында "Жалағаш-Жосалы" жолы уақытша жабылды

727

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында "Жалағаш-Жосалы" жолы уақытша жабылды Фото: Ақмешіт жастары

Ақпаратқа сәйкес, Сырдария өзенінің суы арнасынан асып, Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған, деп жазады inbusiness.kz.

"Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар "Жалағаш-Жосалы" бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды.  Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, бүгінгі таңда жағдай толық бақылауға алынды. 

"Аталған жол республикалық маңызы бар үлкен трасса емес, екі елдімекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз. Қызылтам елдімекеніне Қармақшы және Далдабай елдімекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен ол үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейді. Дария бетіндегі сең Қармақшы ауданы тұсына жетті", - деп хабарлады жергілікті атқарушы орган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу