Қызылорда облысында өнеркәсіп өндірісінің 70%-ға жуық үлесін алатын тау-кен секторында 2013 жылдан бері мұнай өндіру 6,5 млн тоннаға азайды. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мәселен, 2013 жылы өндіріс көлемі 10,5 млн тонна болса, 2022 жылы – 4,0 млн тоннаны құрады. Бұған кен орындарының сарқылуы себеп.
"Сондықтан жаңа мұнай кен орындарын игеру үшін "Шу-Сарысу" бассейнінде геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстары аяқталып, мұнай қорын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Арал бассейнінің "Батыс" және "Шығыс" бөлігінде зерттеу жалғасуда. Сараптама қорытындысы 2024 жылы анықталады", – деп түсіндірді Орталық коммуникациялар алаңында аймақ басшысы.