Қызылорда облысында жаңа жылу-электр орталығының капсуласы салынды

773

Құны 215 млрд теңгеден асатын жоба 36 ай ішінде аяқталады.

Қызылорда облысында жаңа жылу-электр орталығының капсуласы салынды

Республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жаңа жылу электр орталығы салынбақ. Алғашқысы Сыр елінде бастау алды, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласындағы электр жылу орталығы 50-60 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап тұр. Сондықтан электр желілерінің де әбден тозығы жеткен. Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен "Акса Энерджи" компаниясының атқарушы комитетінің төрағасының орынбасары Коркут Озтуркмен Сыр елінде бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі электр орталығының құрылысы басталатын жерге капсула салу рәсіміне қатысты.

Қуаттылығы 240 мегаватқа жететін жаңа нысан энергия жетіспеушілігін едәуір төмендетеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу