Қызылорда облысында жас кәсіпкерлер форумы өтті

1702

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қармақшы ауданындағы "Ауылдық елдімекендердің жас кәсіпкерлері" форумына қатысты.

Қызылорда облысында жас кәсіпкерлер форумы өтті

Аймақ басшысы кәсіпкерлік саласында жетістікке жеткен өңір жастарымен кездесіп, жастар арасында кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетті, деп хабарлайды Қызылорда облысының баспасөз қызметі

"Басты мақсатымыз – Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі орындау. Алдымен ауызбіршілікті, татулықты сақтау керекпіз. Өйткені ынтымақ болмай, ешқандай іс өнбейді. Екінші – өңірімізді индустрияландыру. Жаңа кәсіптер, өндіріс орындарын ашу, жер астының пайдалы қазбаларын дұрыс пайдалана білу, табиғаттың мүмкіндіктерін тиімді қолдану, инвестиция тартып, өнеркәсіпті нығайту қажет. Тиісінше кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Осы бағытта өңіріміздің барлық аудандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныстым. Қазіргі таңда жұмыссыздықты азайту, бизнесті қолдау, инвестицияны дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда", – деді аймақ басшысы.

Шараға жергілікті 18-29 жас аралығында жас кәсіпкерлер, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік мекемелер, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты.

Іс-шара барысында мәдени шаралар ұйымдастырылып, қатысушыларға мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие және мемлекеттік грант алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, спикерлер  кәсіпті қалай жүргізу керек, оны дамытудың жолдары, табысты кәсіпкер болудың құпиясы, жеке ісін бастағысы келген  жастарға қарастырылған мүмкіндіктер туралы баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу