Қызылорда облысында жеміс баулары 350 гектардан асты

1306

Қызылорда облысында жеміс баулары 350 гектардан асты

Биыл Қызылорда облысында жеміс баулары мен жүзімдіктер алқабы 106 гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 350 гектардан асты. Әсіресе, алма бағының көлемі арта түскен. Облыс бағбандары биыл бұл жемісті 78 гектарға  екті.  Шиелі ауданында жаңадан 35 гектар алқапта жаңа алма бағы пайда болса, Жаңақорған мен Сырдария аудандары 23 гектардан, Қызылорда қаласында 20 гектарға алма көшеті егілді, деп хабарлайды Кызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сырдария ауданындағы "Ақжарма" ЖШС ауылдың кіре берісіне 10 гектар жер баққа айналды.

"Біз алма, алмұрт, қараөрік, шиеден жалпы саны 2500 түп ектік. Қазір жеті адам оларды күтіп-баптаумен айналысады. Жас бауға тамшылатып суару әдісімен суарылады. Бір жылдан кейін алғашқы өнімдерін бере бастайды", – дейді серіктестік төрағасы Марат Бисенов.

 Жаңақорған ауданындағы "Рахман"  шаруа қожалығы да "Лимонка", "Семиренко" сорттарын егіп отыр.

 Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша  бақша өнімдеріне гектарына жарты миллион теңгеге дейін субсидия беріледі. Бұл болашақта базар сөрелерінде жергілікті өнімді көбейтуге негіз болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу