Қызылорда облысында жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

140

Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында жер пайдаланушыға нұсқама берілді.

Қызылорда облысында жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: АШМ

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде Сырдария ауданында шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жалпы аумағы 129 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мақсатты түрде пайдаланылмағаны және игерілмегені анықталды.

Алайда белгіленген мерзімде нұсқама талаптары орындалмады.

Осыған байланысты департамент Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы талап-арыз жолдады.

Сот шешімімен департаменттің талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылып, жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу