Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін 640 көпқабатты тұрғын үй бар

1011

Қызылорда облысында жөндеуді қажет ететін 640 көпқабатты тұрғын үй бар

Қызылорда облысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық саласында осы жылдың екінші тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Басқарма өкілдерінің айтуынша жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Соның бірі көпқабатты үйлерді жөндеу бағытындағы бастамалар.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Бүгінде облыс бойынша жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлер саны 640-ты құрап отыр. Өңір әкімінің тапсырмасына сәйкес аудандық бюджеттерден 15 үйді жөндеуге 75,1 млн. теңге бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

"Қазіргі таңда, тұрғындармен келісімге қол қою жұмыстары жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижесінде Қызылорда қаласында қайтарым қаражат есебінен 74,360 млн. теңгеге Бөкейхан көшесі №62 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - дейді энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усайн.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу