Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға кетті

400

Оның 15-і ересек адам болса, 5-і - балалар.  

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға кетті Фото: Ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 адам суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның 15-і ересек адам болса, 5-і - балалар.

2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұндай оқиғалар 10% азайған. Былтыр аталған уақытта 22 адам көз жұмды.

"Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу. Атап айтсақ, азаматтар өзен немесе каналдардың кез келген, әрі зерттелмеген жерлерге суға түседі. Олардың арасында спирттік ішімдік ішкендері де бар. Сондай-ақ, ересектердің бақылауынсыз балалардың су жағасына баруы байқалып отыр. Кейбір азаматтар суға түсу ережесін білмейді. Енді бірі жүзе алмайды. Балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамайтындар бар", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу