Қызылорда облысының 20 мыңдай тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды

654

Қызылорда облысында 19732 адам екпе салдырды. Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылорда облысының 20 мыңдай тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды

Облыста 4798 адам коронавирус індетін жұқтырған. Соңғы тәулікте 35 жағдай тіркеліпті.

Инфекциялық және провизорлық стационарларда 3200 төсек-орын дайындалған. 518 орын орталықтандырылған оттегімен қамтылған. Облыстағы медициналық ұйымдар 686 оттегі концентратор, 251 ИВЛ, 8 компьютерлік томограф және 66 рентген аппаратымен қамтылған. Өңірде 6 оттегі шығару станциясы бар. Сондай-ақ, 9 ПТР аппараты жұмысқа қосылған. Тәулігіне 1000-1100 аралығында сынама алынуда.

"Бүгінде медициналық мекемелер мен дәріханалар қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмектің 2 айға жететін қоры жасақталды. Жалпы, дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлінді. Науқастарды белгіленген хаттамаға сәйкес емдеп жатырмыз. Медицина қызметкерлерінің індетті жұқтыру көрсеткіші азайды. Қазір барынша сақтық шарасына мән беріп, ем-дом жүргізілуде", – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу