Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік әдісін дамытуды үйрену үшін Қызылорда облысының 70-тен астам әкімі Астанаға арнайы келді, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Екі күндік семинарға 65 ауыл мен 7 аудан әкімі және Қызылорда қаласының әкімі келген. Оларға жаңа әдістерді ұлттық экономика министрлігіне қарасты "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының" сарапшылары үйретеді.
Айта кету керек, қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әдісіне басымдық берілуде. Бұл салада арнайы заң қабылданып, көптеген жобалар жүзеге асуда. Сондай-ақ, жаңа реформа бойынша ауыл әкімдеріне дербес бюджет беру қаралған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу