Қызылорда облысының әкімі шахматшы қызға сыйлық табыс етті

1042

Қызылорда облысының әкімі шахматшы қызға сыйлық табыс етті

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесіп, жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі. Сондай-ақ, оған 250 мың теңгенің сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 20-29 сәуірде Албанияның Дуррес қаласында өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионы атанды. 

Сайысқа 40 елден 420 спортшы қатысқан еді. Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

"Бұл менің халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медалім, одан бұрын биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында және 2017 ж Румыниядағы әлем чемпионатында күміс медальдарды жеңіп алған едім. Облыс басшылығына спортсмендерді үнемі қолдап, аймағымызда шахмат ойынын дамытып жатқаны үшін алғыс білдіремін", - деді Назерке Нұрғали.

Тамыз айында Назерке Моңғолияда Азия чемпионатына, ал қыркүйекте Түркияда Әлем чемпионатына 20 жасқа дейінгі қыздар арасында қатысады және қазан айында Грекиядағы әлем біріншілігінде 14 жасқа дейінгі спортсмендер арасында бақ сынасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу