Қызылорда облысының алқаптары зиянкестерден арылып келеді

1056

Қызылорда облысының алқаптары зиянкестерден арылып келеді

Қызылорда облысында  дер кезінде әрі тиімді химиялық өңдеудің арқасында алқаптар жыл өткен сайын көкқасқа шегіртке мен қауын масасынан  арылып келеді.
ҚР АШМ МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Жаннат Дүзелбаеваның  айтуынша,  2016 жылы  аса қауіпті шегірткеге қарсы 1240 гектар, ал қауын масасына қарсы  – 1130, ал  калифорниялық сымырға қарсы – 98, укекіреге қарсы –  754 гектар аумаққа химиялық өңдеу жасалды. 
Осының арқасында  облыстан экспортқа 25186,7 тонна ақталған күріш, 46828,8 тонна жарылған күріш, 235,79 тонна тазартылмаған күріш, 235,79 тонна күріш қабығы, 275 тонна көкөніс, барлығы 75 231 тонна өнім жөнелтілген, деп хабарлайды "Казах-Зерно" АА.

Сондай-ақ астыққа сапа сертификаттарын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2016 жылдың басынан бері 87,502 тоннаға сертификат берілген.
2017 жылы  қауын масасына қарсы 1900 гектар жерге екі мәрте, укекіреге қарсы  688 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Ол үшін қаражат республикалық бюджеттен бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу