Қызылорда облысының Мәдениет басқармасы басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

1429

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Қызылорда облысының Мәдениет басқармасы басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

"Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы ұсталды. Ол жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақтылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу