Қызылорда облысының Сырдария ауданында мектептің төбесі опырылып бір адам қаза тапты

559

Қазір полиция қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Қызылорда облысының Сырдария ауданында мектептің төбесі опырылып бір адам қаза тапты Фото: 36-syrdariya.edu.kz

Оқыс оқиға Әбділда Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық арнаға сілтеме жасап.

Білім мекемесінің электр жүйесіне жауапты маман түн ортасында танысымен бірге шатырға кептер аулауға шығыпты. Алайда, ғимараттың төбесі опырылып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тереңөзек кентіндегі мектеп-лицейі ескі емес, пайдалануға берілгеніне 10 жылға жуықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу