Қызылорда облысының үздік кәсіпкерлеріне 1 миллион теңгеден берілді

1325

"Үздік жас кәсіпкер", "Үздік ауыл әкімі", "Үздік бекітілген жауапты тұлғалар" (куратор) номинациялары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері марапатталды. 

Қызылорда облысының үздік кәсіпкерлеріне 1 миллион теңгеден берілді

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылының қорытындысы бойынша өткен кеңесте шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін кәсібін жаңадан бастаған үздік кәсіпкерлер марапатталып, оларға 1 млн теңгеден сыйақы берілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға облыс кәсіпкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, екінші деңгейдегі өңірлік банктер мен қаржылық даму институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы 3 маңызды мәселе шешіліп жатқанын атап өтті: біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден – жаңа жұмыс орындарының құрылуы және үшіншіден - қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы.

Айта кетейік, 2018 жылдың басында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 37 450 бірлікті құраса, бүгінгі күні олардың саны 42 342 бірлікті құрайды. Яғни, бір жыл ішінде облыстағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнестің саны 4 892 бірлікке ұлғайып, өсім өткен жылмен салыстырғанда 13,1 пайызды құрады.

Кеңес қорытындысы бойынша "Үздік жас кәсіпкер", "Үздік ауыл әкімі", "Үздік бекітілген жауапты тұлғалар" (куратор) номинациялары бойынша, сондай-ақ кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері марапатталды.  Аудандардан және облыс орталығынан  ісін жаңадан бастаған 8 үздік кәсіпкер 1 млн теңгеден ақшалай сыйақы алды. Ал ауыл әкімдері мен ауылдық округтерде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға жауапты лауазымды тұлғалар құрмет грамоталары мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне Құрмет грамоталары табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу