"Қызылорда – Семей" бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

626

34 жолаушы қауіпсіз вагондарға көшірілген.

"Қызылорда – Семей" бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Жамбыл облысында жолаушылар пойызынан өрт шығып, 34 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 қазан күні сағат 02.45-те көлік полициясына Жамбыл облысындағы "Бурный - Сұрым" өткелінде "Қызылорда – Семей" бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түсті. 

"Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы жетіп, өртенген вагонның екі жағын дереу ағытты, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды", - делінген мәліметте. 

Полиция ақпаратына сүйенсек, пойыз бригадасымен бірлесіп, көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов кәсіби шеберліктерін көрсетіп, адам өміріне араша түсті. 

"Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша тергеу басталды", - делінген полиция мәліметінде.

Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Қызылорда-Семей" жолаушылар пойызы вагонындағы өртке қатысты комиссия құрып, тексеруді бастады.

Тексеріс жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да комиссия құрылды", - делінген компания мәліметінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу