"Қызылорда-Шымкент" ақылы тас жолы ыстыққа шыдамай жарылып кетті

1041

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде еліміздің Дүниежүзілік банктен алған несиесіне салынған "Қызылорда-Шымкент" ақылы жолының видеосын таратып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Қызылорда-Шымкент" ақылы тас жолы ыстыққа шыдамай жарылып кетті  Фото: azattyq-ruhy.kz

Жолдың бір бөлігі "ісіп" және көтеріліп, жарықтар пайда болған. Мұның бәрі қозғалысқа кедергі келтіріп, тіпті жүргізушілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 8 маусымда  сағат 17.00 шамасында Түркістан облысындағы Төрткөл ауылы маңындағы Қызылорда-Шымкент ақылы жол учаскесінде ауа температурасының жоғарылауына (+40-45 С) байланысты жолдың цементті бетон тақтасы көтеріліп кеткен. 

"Жолдың көтеріліп кеткен бөлігі алынып тасталды. Мердігер "ШымкентЖолҚұрылыс" ЖШС қиыршықтас-құм төсеп, асфальт жабындысын жауып, жолды уақытша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Жол жөндеу жұмыстарына 10 адам мен 5 техника (3 самосвал, 1 тиегіш, 1 гидравликалық балға) жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Жолдың аталған бөлігіне жылдамдықты шектеу, жол бөлігінің тарылуы сияқты ескерту белгілері орнатылды. Жол учаскесіне Түркістан облысы ПД патрульдік көліктері қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу