Қызылорда соя өнімін экспорттайтын болды

828

Шиелі ауданында 2018 жылдан бастап "Ақмая смарт ферм" интеллектуалды технологиясын қолдану арқылы дақылдардың өнімділігін арттыратын ауылшаруашылық жобасы іске асырылуда. 

Қызылорда соя өнімін экспорттайтын болды

Қызылорда облысының алдағы уақытта  агроөнеркәсіп кешенінде жоғары өнімді дақылдарды өсіру бағытында экспорттық үлес ұлғаяды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы "Жаңа жол" ЖШС-да астық жинау рәсімі мен ауылшаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңесінде мәлім етті. Көршілес Қытайда сұранысқа ие соя тәрізді жоғары өнімді дақылдар сұранысқа ие. Сондықтан мұндай дақылдардың экспорт үлесін арттыру маңызды.

Облыс әкімінің айтуынша, Шиелі ауданында 2018 жылдан бастап "Ақмая смарт ферм" интеллектуалды технологиясын қолдану арқылы дақылдардың өнімділігін арттыратын ауылшаруашылық жобасы іске асырылуда.

"Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану шығындарды қысқартып және өнімділік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мәселен, біздің облыста барлық егістік жерлер тек қана суармалы судың көмегімен кәдеге жаратылып келеді. Қызылорда - егістікті жаңбырсыз, яғни жауын-шашынның көмегенсіз суаратын жалғыз облыс. Осыған орай, тамшылатып суару арқылы дақылдардың көлемін көбейткен жөн. Көктемде топыраққа түскен ылғалды сақтай отырып, аквасорбентерді қолданған тиімді. Осы әдістермен Қаратау беткейінде бос жатқан жерлерді қолдана отырып, мал азықтық дақылдар - судан шөбі, құмай жүгері, түйежоңышқа егуді қолға алу қажет. Бұл өз кезегінде, мал шаруашылығы, оның ішінде сүт бағытындағы шаруашылықтарды құнарлы мал азығымен қамтамасыз ететін болады", - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі бұл мәселеде шаруалардың жаңа суармалы алқаптарға су жеткізу инфрақұрылымын мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жасауға шақырды. Мемлекет тарапынан кеткен шығындар кезең-кезеңімен 3-4 жылда қайтарып беріледі. Сонымен қатар, тамшылатып суару жүйесін енгізген жағдайда, оған жұмсалған шығындардың 30 пайызын мемлекет субсидиялайды.


 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу