"Қызылорда су жүйесінің" шығыны 113 миллионнан асып кеткен

2146

Мәселен, былтыр ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша барлық табыс 696 миллион теңге болса, шығын 809 миллион теңгені құраған.

"Қызылорда су жүйесінің" шығыны 113 миллионнан асып кеткен Фото: inbusiness.kz

Өткен жолы жергілікті кәсіпкерлердің "Қызылорда су жүйесі" ШЖҚ МКК-на көрсеткен қызметтеріне орай алатын қаражаттарын ала-алмай жүргенін жазған болатынбыз. Сөйтсек, кәсіпорын былтырғы жылды миллиондаған шығынмен аяқтапты. Оны онлайн форматтағы қорытынды есебінен білдік. Жиында ауыз сумен қамту, кәріз суды бұру және тазарту жұмыстары сондай-ақ қайта жаңғыртылған кәріз насос станциялары турасында сөз болды.

Жалпы өткен жыл су мекемесі үшін оңайға соқпапты. Кәсіпорын жылдық қорытындыны миллиондаған шығынмен аяқтаған. Мәселен, былтыр ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша барлық табыс 696 миллион теңге болса, шығын 809 миллион теңгені құраған. Яғни кәсіпорын шығыны 113 миллион теңгеден асып жығылады. Бұдан бөлек мекеменің кәріз су қызметіне байланысты шығыны да шаш етектен, бұл келеңсіздіктерді кәсіпорын басшысы тікелей пандемиямен байланыстырып отыр.

"Қызылорда су жүйесі" МКК директоры Марат Жәмиев,  "2020 жылдың қорытындысымен біз шығынмен шығып жатқан жағдайымыз бар", – дейді.

"Табиғи монополияларды реттеу агентігінің заңына сәйкес 1 жылда атқарылған жұмыстарға байланысты есеп беруіміз керек. Бұл жерде бірінші себеп былтырғы жылы пандемия жарияланып, карантин болуына байланысты тұтынушыларға қызмет көрсететін нысандардың жабылуына байланысты шектеулер қойылған болатын. Соған байланысты біздің ауыз су және кәріз суларына белгіленген тариф сметадағы ауыз су тарату жоспарларын орындай алмай қалдық. Сол себептен біз ауыз суға байланысты 113 миллион теңге шығынмен, кәріз суға 250 миллион теңге шамамен шығып отырмыз", – деді мекеме басшысы.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу