"Қажеттілікті қамтамасыз ету жолында үздіксіз жұмыстар жасалу керек. Осы күнге дейін алынған техникалардың белгілі деңгейде ескіруіне байланысты, заман ағымынан қалмай мәселенің себебімен емес салдарымен күресу мақсатында облыс әкімінің тікелей қолдауымен жүйелі жұмыстардың нәтижелері көрінуде. Алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызметті арттыру бағытында арнайы техникалар рет-ретімен алынатын болады", - деді Асылбек Шәменов.
Қазіргі таңда 500-ден аса көшенің тазалығын қамтып отырған "Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің теңгерімінде 125 дана техника болса, оның 91-і санитарлық тазалық жұмыстарына жұмылдырылған.