Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның үшеуі қарапайым ғана тұз, күріш, балық болса, төртіншісі –минералды заттарды битуммен араластыруға арналған өңдеу өнеркәсібінде қолданылатын машиналар.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың айтуынша, соңғы бес жылда әртараптандырылған экспорт 3-тен 16 түрге дейін өскен. Өткен жылы экспортқа шығарылған ауыл шаруашылығы өнімдері 34,5 миллион долларды құрады. Өнімді өткізудің негізгі нарықтары: Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Украина, Монғолия, Польша, Нидерланд, Иран, Қытай. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары көрсеткіш.
Ескендір Ертай