Қызылорда тұрғыны кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан

112

Даяшыға дене жарақатын салған.

Қызылорда тұрғыны кафеде даяшы мен әкімшіні соққыға жыққан Фото: canva.com

Қызылорда қаласында кафеде даяшы мен кафе әкімшісіне соққы жұмсаған адамның бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл қылмыстық іс Қызылорда қаласының № 2 сотында қаралды. Ол бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігімен іс қозғалды.

Сотталушы А. таңғы сағат 4:30 шамасында кафеде жалғыз өзі көңіл көтеріп отырған. 

Сол кезде даяшы З. мен әкімші А. кафенің жабылатынын айтып ескерткен.

"Сол сәтте ол себепсізден себепсіз балағат сөздер айтқан. Кафеден шықпайтынын айтып, дөрекі мінез көрсеткен. Мас күйінде қолындағы сыра ішімдігінің ыдысын сындырған. Содан кейін даяшы З-ның шашынан жұлып, аяғынан бірнеше мәрте тепкен. Салдарынан даяшыға дене жарақатын салған. Ал әкімші қызметін атқаратын жәбірленуші А-ның көзіне екі мәрте соққы жасаған", - деп мәлім етті Қызылорда қаласының № 2 сотынан.

Сот үкімімен сотталушы А-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу