Қызылорда тұрғыны палау ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған

733

ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, аталған азаматқа қатысты іс сотқа жолданды.  

Қызылорда тұрғыны палау ішіне телефон жасырып, изоляторға өткізбек болған Фото: inbusiness.kz

Қызылорда тұрғыны палау ішіне телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған, деп жазады inbusiness.kz.

18 қараша күні қаладағы қылмыстық атқару саласына қарасты № 68 тергеу изоляторының сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі қызметкерлер тыйым салынған затты анықтады. Ер адам "Samsung" маркалы ұялы телефонды полиэтилен пакетіне орап, палау ішіне жасырып өткізбекші болған.

Оның қамауда отырған танысы Қылмыстық Кодекстің 188-бабындағы 3 бөлігі (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотталған.

Бұл дерек бойынша 1997 жылғы Қызылорда қаласының тұрғыны жауапқа тартылды.

Оған ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу