Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді

606

17 ақпан күні Қызылорда облысы ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері және Арал аудандық ПБ мен "Охотзоопром ӨБ" РМҚК бірлескен жедел – іздестіру жұмыстары нәтижесінде 37 жастағы аудан тұрғынының үй ауласындағы сарайынан 26 киіктің денесі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қызылорда тұрғынынан 26 киіктің еті тәркіленді Фото: Polisia.kz

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сараптамалар тағайындалып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу