Қызылорда тұрғынынан тіркелмеген қару мен есірткі табылды

534

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.    

Қызылорда тұрғынынан тіркелмеген қару мен есірткі табылды Фото: polisia.kz

Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында екі полиэтилен пакетке  салынған ерекше иісі бар шөп және тіркелмеген қару анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1,3 келі кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау), сондай-ақ заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу