Қызылорда түрмесінде кір сабынға телефон жасырып кіргізбек болған

282

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге танысы ерекше сәлемдеме алып келген.  

Қызылорда түрмесінде кір сабынға телефон жасырып кіргізбек болған Фото: Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті кір сабынның ішіне телефон жасырып өткізбек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

− Сәлемдемені тексеру нәтижесінде мекеме қызметкерлері кір сабынның ішіне жасырылған телефонды тапты. Телефон сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Оны мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген күдіктегі қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалып жатыр, − делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу