"Қызылорда-Жезқазған" трассасын жөндеуге 90 млрд теңге жетпей қалды

476

Жезқазған бөлігіндегі жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады деп жоспарланып отыр.  

"Қызылорда-Жезқазған" трассасын жөндеуге 90 млрд теңге жетпей қалды Фото: gov.kz

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Тағы бір үлкен мәселеміздің бірі – жолдар. Бұл Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол. Қызылорда жағы жолды аяқтап жатыр. Биыл Жезқазған бөлігінде бағаның қымбаттап кетуіне байланысты жұмыс тоқтатылды. 90 млрд теңге жетпейтін болды. Үкімет Азия даму банкімен бірігіп, 145 млрд теңгеге көбейтілді. Ендігі жылға бұл қаржының 50 млрд теңгесі бөлініп, қазір конкурс өтіп жатыр. Мұны Азия даму банкі өткізетін болған соң, кішкене созылып кетті. Конкурс желтоқсан соңында аяқталу керек. Ендігі жылы 8 учаскеде жол жөндеу жұмыстары басталады", - деді аймақ басшысы.

Тілшілер "Жезқазған жақ беті нақты қашан аяқталады?" деп сұрады.

"Ендігі жылы көктемде басталса, 2024-2025 жылдың аяғына дейін аяқталу керек. Екі жыл деп күтіп отырмыз. Әрине бұл да ертеңгі конкурстың нәтижесіне, мердігердің жұмысына да байланысты", - деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу