"Қызылорда – Жезқазған" жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді

746

Жобаны талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар екі облыста болады. 

"Қызылорда – Жезқазған" жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтеді

"ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің  2020 жылғы 8 және 12 маусым аралығында "Республикалық маңызы бар "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автомобиль жолының ұзындығы 412 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Жезқазған" (12-424 шақырымы) учаскесін қайта жаңарту" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мен "Қоршаған ортаға әсер етудің алдын ала бағасы" жобасын ашық жиналыста талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізеді", деп хабарлайды  ИИДМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 2020 жылғы 16 мамыр мен 22 маусым аралығында сауалнама түріндегі қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Қоғам өкілдері тарапынан ұсыныстар мен шағымдар электронды түрде қабылданады.

Сауалнама Қызылорда облысында 2020 жылғы 16 мамыр мен 13 маусым аралығында, Қарағанды облысында 2020 жылғы 22 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу