Қызылордада "10 теңге – 10 үй" жобасы қолға алынды

574

Қызылордада "10 теңге – 10 үй" жобасы қолға алынды

"Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігі қоғамда өзекті болып отырған баспана мәселесін шешудің жаңа жолын ұсынады. Қайырымдылық жобаның басталуына орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде "Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дастанбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

"Біз ұсынып отырған "10 теңге – 10 үй" жобасы облыста, ауданда немесе ауылды жерде тұратын тұрмысы нашар отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жастарды баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Бәріміз аптасына 10 теңгеден қайырымдылық жасап отырсақ, қаншама жаннан сауап аламыз. Аптасына немесе айына 10 теңге я болмаса, 100 теңгемізді қисақ,  жылына 100-ге жуық отбасының пәтерлі болуына көмектескен болар едік", – дейді қоғамдық бірлестік төрағасы Дастанбек Болатұлы.

Бұл жоба қазір ең өзекті болып тұрған баспана мәселесін шешудің тиімді жолдарының алғашқы бастамасы болмақ. Баспанаға мұқтаждық бүгіннің ғана мәселесі емес, халық санының өсуіне байланысты кейін де бола беретін мәселе. Жоба "әр қазақ баспаналы болса екен" деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.

"Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігінің арнайы қайырымдылық шарасына арналған банк есепшоты, "Киви әмиян" және "24 касса" терминалдарында "10 теңге – 10 үй" жобасына арналған арнайы бөлімдері бар. Ақша аударымдарын сол арқылы жіберуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу