Қызылордада "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің ақпараттық ресурс орталығы ашылды

1003

Қызылордада "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің ақпараттық ресурс орталығы ашылды

2017 жылдың 27 ақпанында Қызылорда қаласында  "Астана ЭКСПО-2017"  көрмесі бойынша ақпараттық ресурстық орталығы ашылды.

"ЭКСПО-2017"  көрмесіне арналған іс-шараларды өз деңгейінде өткізу және Қызылорда облысының туристік әлеуетін таныту үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ақпараттық ресурстық орталығы құрылды.
Аталмыш ресурстық орталық жұмысын  "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры жүзеге асыратын болады.

"ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің өткізілу кезеңінде ресурстық орталық  облыс тұрғындары мен туристерге көрме өткізілетін орынға және Қорқыт ата мемориалдық кешені мен Байқоңыр қаласына саяхаттауға байланысты ақпараттармен бөлісіп отыратын болады. 

"Қорқыт Ата" зиярат ету кешеніне қарама-қарсы беттен келуші туристер мен қонақтарға халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін "Этноауыл құру" жоспарлануда, осыған орай қолөнер шеберлері  ұлттық нақыштағы өз өнімдерін ұсынатын болады.

Көрмеге бару билеттері жөнінде мәліметтер тұрғындарға БАҚ арқылы хабардар ету жұмыстары жалғасын тауып келеді. 

Бүгінгі күні облыс тұрғындары электронды билеттерді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының арнайы сайтында және  Қызылорда облысының барлық "ҚазПочта" АҚ бөлімшелерінде  алуға мүмкіндіктері бар, сонымен қатар билеттерді "Жібек жолы"  ойын-сауық орталығында алуға болады.

Келесі аталған Қазақстан азаматтары  көрмеге тегін  қатыса алады: ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар, 6 жасқа дейінгі балалар (6 жасты қосқанда). Ал, оқушылар мен студенттерге, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға 50 пайыздық женілдік көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу